29.08.2024ж. Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен алқабилердің қатысуымен Р. және М.-ға қатысты атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен екі адамды өлтіруге оқталу, атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау фактісі бойынша ҚР (ҚК (ҚК-тің 287-б. 3-б. (2020 ж. редакциясында), 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., 293б-б. 3-б. УК). үкім шығарылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
2020 жылдың 09 маусымында түскі уақытта Р. Қарағанды​​ қаласындағы «CreenCityPark» тұрғын үй кешенінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтап және өзімен бірге алып жүрген.
​Сонымен қатар, сол күні Р. мен М. «CreenCityPark» тұрғын үй кешенінің дәмханасында түскі ас ішіп отырған кезде, шамамен сағат 12.43-те Жезқазған қаласының тұрғындары Д., А. және С-ті кездестірген және олардың арасында жанжал туындаған. Сол кезде Р. барсеткасынан пышақ алып шығып, соңғыларды қорқытқан. Кафе қызметкерлері барлығын кетуді өтінгеннен кейін бірінші болып далаға жәбірленушілер Д. мен А шыққан. Осы кезде олардың соңынан шыққан Р. қолына тапанша алып, сыртқы есікті ашып, жәбірленушілерге қарай оқ атқан. Осы кезде М. сотталушы Р-мен бірге адамдар тобы болып, бұған дейін Р-дан алған «Наган» револьвері мен жәбірленушілерге қарай оқ атқан. Р. мен М-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушілер Д. мен А. оқ жарақаттарын алып, сүйектері сынған, олардың денсаулықтарына ауыр зиян келтірілген және сол тұрғын үйдің аумағында тұрған автокөліктер зақымданған.
Сот,  дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты Р. ҚК-тің 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., 287-б . 3-б бойынша кінәлі деп танып,
— ҚК-нің 287-б. 3-б бойынша 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасы;
— ҚК-нің 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., бойынша 15 (он бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы Р. түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді. 293-б 3-б яғни бұзақылық бабы бойынша кінәсіз деп танылып ақталды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты М.-ды айыптаудың 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді.
293-б 3-б яғни бұзақылық және 287-б 3-б атыс қаруы мен оқ дәрілерді заңсыз сақтау бабы бойынша М. кінәсіз деп танылып ақталды.
ҚР ҚК-нің 56 бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің ерекше бөлігінің тиісті бабында аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның негізгі түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен асыруға болмайды.
Сотталушыларға тағылған айыптың ең ауыр бабы, атап айтқанда, ҚК-тің 99-б. 2-б. 1,6,7-т. санкциясы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *