Шымкент қаласында тергеуде жауап беріп жүрген қорғануға құқықы бар күә Қ.С. есімді азаматша (ана), тергеушіге жауап беріп болған соң үйіне барып өзіне қол жұмсаған. Аталған жағдайды естіген соң оның адвокаты арқылы өзіне қол жұмсаған Қ.С. есімді анаға байланысуға тырыстық. Ол есін жиып ауруханадан үйіне шыққанын күтіп тілдесуге тырысқан болатынбыз. Аталған жәйт бойынша Қ.С. есімды ана ашық сұхбат беруден бас тартып, болған жағдайды қысқа баяндап беруге ғана келісті. Оның айтуынша:

                Мені, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына тергеуші Ахай шақырған болатын. Жауап алу барысында моральдық қысым көрсетіп, Конституциялық құқықтарын таптап, «сені қазір қамаймын»-деді. Мен түсінбей қалдым. Себебі мен қорғануға құқықы бар күәмін. Мен күдікті емеспін. Қысқарып кеткен қылмыстық істі қайта ашып, екі жылдан бері мені тергеуге сүйреп келеді. 5 тергеуші ауысты. Мен нүктесі қойылмайтын тергеуден шаршадым. Ол аздай мені тергеуші ауыр сөздер айтып қорқытады. Тергеудегі жәбірленуші талап еткен  аудармашыға  ақшаны маған төлетті. Мен емесқой аудармашы сұраған, бірақ ол ақшаны мен төледім. Аудармашының ақшасын мемлекет төлеу керекқой мен емес.                                                                                                                                                                                                                                                                                      Тергеуші Ахай өзінің   айтуымен мені мәжбүрлеп «адвокаттан бас тартамын»- деп қағазға жазғызды, адвокатсыз менен 3 сағат  жауап алды. Жауап алу барысында, 3 сағаттың ішінде  әр 15-20 минутта сені қамаймын деп қорқытып айта берді. 2 жылдан бері созылып жатқан тергеудегі документтер жоғалып кетебереді. Мен шаршадым. Тергеушілердің сөздерінен  қорлауларынан  кейін мен өмір сүргім келмей, азанда тұрып дәрі іштім. Көзімді ашқанда жан сақтау бөлімінде жатқанымды білемін болды. 

 

Бұл туралы Шымкент қаласы ПД ӨҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Б. Узенбаев, Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ-мен қорғалуға құқығы бар куә ретінде ретінде жауап беріп отырған, азаматша Қ.С-ның тергеуші Ахайдың моральдық қысымынан соң, өзіне қол жұмсағаны туралы келтірген шағымы бойынша сұраныс хатымызға төмендегідей  жауап жолдады:

            Аталған жәйіт бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Әл-Фараби АПБ ТБ тергеушісі Е.Ахайға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал азаматша Қ.Спандиярова Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 71-бабының талаптарына сай, жәбірленуші ретінде танылып, жәбірленуші ретінде жауап берген.Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47 және 201 баптарының талаптары негізінде, құпиялықты сақтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сардар Әбдіжақия, Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *