ПОЛИЦИЯ АРЫЗ АЛУ ҮШІН АДАМ ӨЛУІ КЕРЕКПЕ?

Батыс Қазақстан облысы депаратментіне қарасты полиция қызметкерлері, арыз алуымыз үшін, аталған жәбірленушінің өзі келіп жазуы керек депті. Олардың сөздері рас не өтірік екені маған белгісіз, бірақ, ауруханаға дене жарақаты мен түскен адамға дәрігерлер полция шақырады. Ал дәрігерлер полиция шақырсада, осы уақытқа дейін арыз алынып, іс ашылмаған, неге?Суреттегі азамат, ауруханада көзін ашқан. Дәрігерлерге рахмет, «емделуің үшін алдын өзің келіп арыз жаз»- демей, жедел көмек беріп аталған Д.К.М есімді азаматты аман алып қалды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Оралдың дәрігерлеріне рахмет, азамат тірі қалды. Ал полицейлер арыз алып қылмыстық іс ашуы неге қиындап жатқанын біле алмай отырмыз.- деп, заңгер Сардар Әбдіжақия ақпарат таратқан болатын.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз қызметі:

    2024 жылғы 12 тамызда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Байтерек ауданының Полиция бөліміне аурухана қызметкерлері дене жарақатымен азамат түскенін хабарлады. Осы ақпарат бойынша полиция қызметкерлері сол күні (жәбірленушінің арызынсыз) Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптама тағайындалды- деп жауап жолдады. 

 

Ал Батыс Қазақстан облысы полиция депиартаменті басшысының орынбасары Арынов Талғат Нургалиевич:

11.08.2024ж. сағ.23:30-да орын алған оқиға бойынша Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімімен 12.08.2024ж. қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиға орнында болған барлық тұлғалар анықталып, олардан куә ретінде жауап алынды. Қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты «Сотқа дейінгі тергептексеруді жүзеге асыратын адамға келу туралы міндеттеме» түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды.  Қазіргі уақытта жәбірленуші денсаулық жағдайына байланысты ауруханада ем алуын жалғастыруда, қасында ата-анасы бар. Ауруханадан шыққан соң жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптамасын тағайындау жоспарлануда. Істі тергеу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында. Барлық сот-сараптамалары өткізілген соң қылмыстық іс бойынша заң шеңберінде процестік шешім қабылданатын болады- деп жауап қатқан.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *