Полиция қызметкерлері қылмысты жасырғаны үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Жамбыл облысы сотына сілтеме жасап.
Тараз қаласы №2 сотымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша орташа ауырлықтағы 2 қылмысты және 9 ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған сотталушылар К., Н және Д.-ға қатысты, (ҚР ҚК-нің 433-б. 3-б. 2-т.) қылмыстық іс қаралды.
2022- жылдың сәуір айынан бастап Түлкібас жол дистанциясы бастығы мен шебері теміржол апатының қаупі мен 5055 бекітпелерді ұрлау салдарынан келтірілген елеулі мүліктік залалды ескере отырып, кінәлілерді жауапқа тарту үшін бірнеше рет полиция қызметкерлеріне жүгінген.
Сол кезде 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың ақпанына дейін ЖПБ бастығының орынбасары қызметін атқарған сотталушы К. көрсеткіштерін төмендетпеу және тәртіптік шараларды болдырмау үшін 2 орташа ауыр қылмысты және 9 ауыр қылмысты тіркеуден әдейі жасырған.
Ашылмаған 11 ұрлықты жасыру үшін ол жоспар құрып, оған желілік полиция бөлімінде басшылық қызметте болған сотталушылар Н. мен Ж.-ны тартқан.
Қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотпен сотталушылар К. және Н.- 4 жыл 8 айға, Д.- 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырыла отырып, 5 жыл мерзімге құқық қорғау, мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық, әкімшілік немесе басқару функцияларымен айналысумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тараз қаласы