Экс-прокурор алаяқтық  жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат»ақпарат агенттігі жариялады Талдықорған қалалық сотына сілтеме жасап.
Талдықорған қалалық сотымен А.-ға қатысты өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның қысқартылған тәртіпте алаяқтық жасады деген айыппен ҚР ҚК-нің 190 бабының 3- бөлігі 2 тармақшасы мен  қылмыстық іс қаралды.
Экс- прокурордың әрекеттері сот барысында, 8 маусым 2024 жылы, А. Талдықорған қаласында бола тұрып, облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету басқармасының лауазымды тұлғасы, прокурор бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық мақсатты көздегені анықталды . Осы мақсатпен А. қызықтырған қылмыстық істі онды шешуге көмектесуге уәде беріп, өзінің танысы К.-ны жаңылыстырған. Алайда, А.-ның істі тергеуге қатысуға ешқандай ниеті болған жоқ. Осылайша, А. оның 1.9 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.
Экс-прокурордың заңсыз әрекеттері прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен іс-шараларының нәтижесінде өз дәлелін тапқан.
Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сотталушы экс- прокурор өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды толық өтеген.
Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – шын жүректен өкінуді, зиянды өз еркімен өтеуді, жәбірленушімен татуласуды, сондай-ақ кішкентай балалардың болуы, олардың біреуі мүгедек болуы, қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, берген антын бұзған А.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүліктің он еселенген мөлшері, 19 463 180 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.
ҚК 49 бабының 1 бабына сәйкес «кіші әділет кеңесшісі» сыныптық шенінен айырылған.
Сот үкімі заңды күшіне еңген жоқ.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *