Баланы аяғынан сүйреп, түскі ұйқы кезінде соққыға жыққан тәрбиешіге қылмыстық іс ашылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Әлеуметтік желіде заңгер Сардар Әбдіжақия жариялаған, елдің ашуын туғызып адамдардың ашуын туғызған, «Сүлеймен» ЖШС бөбекжай балабақшасында түскі ұйқы кезінде баланы соққыға жығып аяғынан сүйреген тәрбиешінің әрекеті бойынша Шымкент қаласының білім басқармасы жауап берді:
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Сүлеймен» ЖШС бөбекжай балабақшасында ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні болған оқиға бойынша, мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Шарипбаева А. және тәрбиеші өз лауазымдық міндетін дұрыс атқармағаны үшін балабақша меңгерушісі тарапынан қызметкерден түсініктеме алынды. Сонымен қатар, тәрбиеленуші Б.К түскі ұйқы кезінде соққыға жыққаны үшін тәрбиешігі ҚР Еңбек кодексінің 52 бап 14- тармағына сәйкес, жұмыстан босатылғандығын хабарлаймыз- деді Шымкент қаласының білім басқармасы.
Шымкент қаласының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары басталған.
Шымкент қаласы
![]()
