Жұбайына пышақпен ауыр дене жарақатын салған адамға үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Н.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралды
Сот барысында сотталушы Н. алкогольдік ішімдік ішіп, өзінің азаматтық некедегі жұбайы Н.-мен жанжалдасу кезінде, оған пышақпен жарақат салып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды.
Сот аталған қылмыстық істі қарап сотталушы Н.-ға ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, Н.-ға маскүнемдіктен мәжбүрлеп ем қабылдау жазасын тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы