Мұғалім жалған дипломмен жұмыс жасаған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Байзақ аудандық сотында ҚР ҚК-нің 385- бабының 3 бөлігі яғни  көрiнеу жалған құжатты пайдалану бойынша айыпталған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
          Сотталушы 2023 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары бірінің дипломымен аудандық орта мектепте мұғалім болып жұмыс атқарған. Ол «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алғандығы туралы диплом ұсынған, алайда тергеумен бұл жоғарғы оқу орнында оқымағаны анықталған.
Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, сот техникалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық іс материалдарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталған.
Сотталушы ҚР ҚК-ның 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *