Сот азаматты кәмелетке толмаған баланы ұрғаны үшін жазалады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
          Лисаков қалалық сотында сотталушы Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 109 бабы 2- бөлігі 2- тармағы мен қылмыстық іс қаралды, оның әрекеттері кәмелетке толмаған Д.-ға дене жарақатын келтірген, оған физикалық ауырсыну мен моральдық азап әкелген
Сот барысында,  2024 жылдың 28 шілдесінде сотталушы Б.  кәмелетке толмаған жәбірленуші ұрып-соғу мақсатында өзінің іс-әрекетінің әлеуметтік қауіпті сипатын түсіне отырып, Д.-ның беті мен денесіне ашық алақанмен бірнеше рет соққы жасап, осылайша соңғысына физикалық ауырсыну мен моральдық азап келтіргені анықталып, өз дәлелін тапты.
 Сот Б.-ны  кінәлі деп танып, оған 150 айлық есептік көрсеткіш, яғни 553 800 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *