Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкері  Рахимбаева Зағила Тасболатовна,  заңгер (блогер) Айгуль Орынбекпен ағымдағы жылдың 16- тамыз күні сұхбат жүргізіп, қазынашылық депратаментінің басшысы  Шукеева Ляззат Естаевнаның және аталған департаментте орын алып жатқан бір қаншама заңсыздықтар туралы айтылған.  Жүргізілген  сұхбатта,  қаңтар оқиғасына деп,  36 млрд. теңге  қаражат аударылғаны  жаға ұстатты.  Біз Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі аталған сұхбаттағы жаға ұстатарлық ақпараттарды зерттеуге кірісіп, анықталған мән-жайлардан хабар таптық:

         Заңгер (блогер) Айгуль Орынбек, «біздің бағдарламада өтірік айтуға болмайды»- деген ескертуіне  қарамастан, Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкері  Зағила Тасболатов,   «Қаңтар оқиғасының салдарынан болған залалдардыөтеуге деп әкімдік бір хат жазып 36 млрд сумма алған»- деген сөздері жалған болып шықты.

 

«Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,                                 2024 жылғы 16 тамызда «Aigul Orynbek» «Facebook» парақшасында                                  жарияланған аты-жөні белгісіз болған азаматша арасында болған сұхбаттағы «заңсыздықтар» туралы айтылымға;

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 маусымдағы                 № 367 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан облысының білім беру саласындағы мұғалімдері мен педагогтеріне жалақы төлеуге 2022 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 35,6 млрд.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінген.

         Түркістан облысының білім басқармасымен ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген 35,6 млрд.теңге сомасында ақшалай қаражат мақсатты түрде жұмсалып, білім беру саласындағы мұғалімдер мен педагогтердің жалақыларын төлеуге бағытталған.

Бұл ретте, 2022 жылы Түркістан облысында «Қаңтар оқиғасы» байланысты зардаптарды өтеуге республикалық бюджеттен қаржы мүлдем бөлінбеген.»-деп басқарма басшысының  орынбасары К.Жаппар

 

Тіпті сұхбат берген азаматша атынан Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне өтініштермен арыздарда түспегені туралы айтылды:

          «Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сіздің, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы «Е-өтініш» арқылы 21.08.2024 жылғы №ЖТ-2024-05075721/1 тіркелген  арызыңызда   көрсетілген 16 тамыз сағат 10:53 те жарияланған блогер Айгуль Орынбектің арасында болған сұхбаттағы аты-жөні белгісіз болған азаматша деп көрсетілген тұлғадан өтініштер мен арыздардың түспегендігін хабарлайды.»- деп, ресми түрде мәлімдеді департамент басшысының орынбасары С. Жақсыбеков.

 

Төлеби аудандық қазынашылық басқармасында 42-43 млн теңге заңсыз отырғызылғаны туралы туралыда жалған мәлімет жарияланған екен.

Айгүл Орынбектің ютуб каналындағы (https://youtu.be/fQdCPuAYctQ?si=l0KSBJOMuPV-NkzP) «Жүйе» подкастындағы екі апта алдын түсірілген шығарылымында Рахимбаева Загила Тасбулатовнаның басқармаға қатысты берген сұхбатында атап өткен 42-43 млн теңге заңсыз отырғызылып, ол қаржы игеріліп, әлі күнге дейін қайтарылмаған,  ешқандай тексеру жұмыстары жүргізілмеген, шара қолданылмаған деген сөзі шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейміз- деп ресми мәлімдеген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы

 

Аталған сұхбатта жалған мәлімдемелер жасалғаны туралы департамент басшысы сотқа шағымданғанын мәлімдеді:

«2024 жылы тамыз айының 16 күні мемлекеттік әкімшілік қызметші Департаменттің операциялық бөлімінің бас маман-бас қазынашысы Рахимбаева Загила Тасболатовна (әрі қарай — З.Рахимбаева) әлеуметтік желідегі «инстаграм, ютуб» парақшада блогер Айгуль Орынбекке сұхбат берген. Сұхбат барысында З.Рахимбаеваның заңсыздықтар, қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтқаны шындыққа жанаспайды.

Осы мәселе бойынша менің және Департамент қызметкерлерінің ар-намысына тиетін жалған, көрінеу ақпарат таратқан З.Рахимбаеваның іс-әрекеті бойынша сотқа жүгіндім. Сот шешімінен кейін тиісті мәлімет беріледі.»- деп жауапқа қатты  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің  басшысы    Л. Шукеева

Айта кету керек, аталған сұхбатта өзінің «шындығын» атып жатқан қазынашылық депаратментінің қызметкері Зағила Рахимбаеваға қатысты 2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент тарапынан 2022 жылы  қылмыстық іс қозғалып кейіннен түсініксіз жағдайлармен қысқарған көрінеді. Әлеуметтік желілерде таралған бейресми ақпараттарда, аталған азаматшаның субсидия алып беремін деп бәзбіреулерден ақша алғаны туралы мәлімет тарап жатыр.

 

Енді сот шешімін күтудеміз. Алдағы уақытта қабылданған шешімдер бойынша жариялайтын боламыз- «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

 

 

 

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *