Колледж басшысы жалған қызметкерлердің жалақысын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Павлодар қаласының № 2 соты Б.-ға қатысты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу фактісі бойынша (ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-б.). қылмыстық іс қаралды.
2013-2023 жылдар аралығында Түсті металлургия жоғары колледжінің басшысы болған Б. бюджет қаражатын жымқыру мақсатында жалған қызметкерлер туралы әдейі бұрмаланған мәліметтері бар жұмыс уақытын есепке алу парақтарына қол қойғаны сот барысында анықталды.
Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Сот, Б.-ға банк шотындағы ақшалай қаражатын тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ Б. өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар облысы