Абай облысының “Динамо” қоғамдық бірлестігінің балуаны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақ күресінен алтын медаль алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дидар Тұқышев қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, финалда Өзбекстаннан келген спортшыны жеңді.
Дидар Көкпекті ауданының ауылында дүниеге келген. 2022 жылы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының қатарына қосылды.
Еске сала кетейік, “Динамо” қоғамдық бірлестігінің төрағасы — ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *