Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚРҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша яғни   ірі мөлшерде алаяқтық фактісі туралы айыппен  қылмыстық ісі қаралды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Сотталушы Х. бір журналдың бренд-директор қызметінде жұмыс істеп жүріп, жәбірленуші К.мен танысқан. Олардың достық қарым-қатынастары негізінде, Алматы мен шетелдегі қоғамдық іс-шараларға бірге барған.
Х. жаңадан танысқандарға сән үйлер мен брендтік дүкендердің қызметкері ретінде өзін таныстырып, оларға ресми дүкендерден бағасы төмен, түпнұсқа зергерлік бұйымдар мен брендтік тауарлар ұсынып отырған.
Ол М.-ге, оның әйелі үшін сыйлық ретінде брендтік сөмкесін ұсынған. Ер адам сотталушыға 14,5 миллион теңге аударған. Оның орнына ол сатып алу чектері мен тауардың шынайылығын растайтын құжатсыз тауар алған. Уақыт өте келе, жәбірленуші сөмкенің түпнұсқа еместігін анықтаған. Бұл факт тауар зерттеушісінің экспертизасымен расталды.
Сотталушы Х.-ның дәл осындай схема бойынша тағы 7 алаяқтық эпизоды анықталды, келтірілген жалпы шығын 114 миллион тенге.
Сот, сотталушы Х.ны 190-баптың 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды және оған 5 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *