Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы мен Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі Н. оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып «Интернет-банкинг» электронды жүйесі арқылы өзінің жеке шотына, сондай-ақ, басқа тұлғаның шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударып отырған.
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 23 миллион теңгені құрайды.
Сотта сотталушы Н. өз кінәсін толық мойындап, озіне, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот сотталушы Н.-ны кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауының, куәгерлердің айғақтарының, маманның қорытындысының негізінде оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы