Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Қылмыстық іс 5 эпизодты, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілдік берілген адам бола тұра, кәсіпкерлерге қызметпен айналысуға кедергі жасап, дизель отынын беруді талап етіп, дизель отынын тұрақты түрде заңсыз алып отырған.
Бұдан бөлек, сотталушы А. қылмыстық іс-әрекеттер арқылы жеке кәсіпкерге өзінің баласының оқу ақысын келісім шартқа отырғызып, төлем төлеткен.
Сотта сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын, кешірім сұрайтынын, кәмелет жасқа толмаған балалары барын, отбасының жалғыз асыраушысы екенін, келтірілген шығынның басым бөлігін қалпына келтіргенін айтып, жәбірленушілермен татуласқанын көрсетіп, бас бостандығы өзінде қалатын жаза қолдануды сұрайтынын көрсетті.
Жәбірленушілер өздерінің жазбаша арыздарына сәйкес кешірім беретіндерін, талап тілектері жоғын көрсеткен.
Жәбірленушілерге 26 млн теңгеден астам шығын келген. Сотталушы кәсіпкерлерге келтірген шығындарды ішінара қайтарған.

Сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігімен және 365-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, ҚК-нің 49-бабының талабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыра отырып, түпкілікті 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілерге келтірген шығынның 23,5 млн теңгесі қайтырылған. Қалған 2 438 553 теңге сот үкімімен өндірілді. Сот үкімі заңды күшінде.
Қызылорда қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *