Жоғары Сот Кеңесінің жаңа Төрағасы тағайындалды. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты мәлімдеді
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Жоғары Сот Кеңесінің ұжымына Парламент Сенатының келісімімен Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған жаңа Төрағаны таныстырды.

Жаңа басшысыны таныстырған кезде Ержан Нұрланұлы Дмитрий Михайловичтің әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Д.М. Малахов бұған дейін қаржы мониторингі Агенттігін басқарған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары болған, сондай-ақ басқа да жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.
Сондай-ақ, Е.Н. Жиенбаев бұрынғы Төраға Д.А. Шиппке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, оның жетістіктерін атап өтті.
Соңында Президенттің көмекшісі мемлекеттік органның ұжымына табыс тілеп, қазіргі уақытта Кеңестің алдында Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Астана қаласы