Атырау қаласының №2 сотында пара алған ҚАЖД «№75 мекеме» бастығының міндетін атқарушысына үкім оқып, оған 30 млн теңге айыппұл салды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті «№75 мекеме» бастығының міндетін атқарушы пайдакүнемдік және заңсыз материалдық баю мақсатында пара берушінің інісін шарушылық жұмыстарына қалдырылған тұлғалардың санатына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған.
Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібімен келіп түсті, сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығына және оның жол берілетіндігіне дау келтірмей, сот отырысында оның зерттеуін талап етпегендіктен сот талқылауы қысқартылған тәртіппен қаралды.
Сот сотталушыны тағылған айып бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі мен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге (параның 30 еселенген сомасы) мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Ол «әділет подполковнигі» арнайы шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Атырау қаласы