Сот медицина қызметкеріне қатысты іс бойынша жария сот отырысы туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Қосшы қалалық соты абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, дәлелді себептерсіз медициналық көмек көрсетпегені үшін жедел медициналық жәрдем фельдшері «А.»-ға қатысты сот үкімді жария етуді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының, Ақмол қосалқы станциясының және Қосшы қаласының емханаларының медицина қызметкерлері ұжымдарының қатысуымен өткізді.
Сотта келесі анықталды. Фельдшер «А.» жүректің ауыруына шағымданған азаматша «У.»-дің үйіне шақыру бойынша келіп, тиісті медициналық көмек көрсетпеген және науқасты ауруханаға жеткізіп, жатқызудан бас тартқан. Кейін, науқас «У.» медициналық көмек алу үшін ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болған. Ауруханада оған «Жүректің ишемиялық ауруы. Миокард инфарктісі. Стенттеу. Кардиогенді шок. Клиникалық өлімнен кейінгі жағдай» диагноздары қойылды.
Сот үкімімен «А.»-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 320-бабының 2-бөлігімен інәлі деп танып, оны медициналық қызмет көрсету құқығын айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Онымен қатар, сот абайсызда пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіретін жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің медицина саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзушылығына назар аударып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы
сурет шартты