Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында,  ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (сенімді теріс пайдалану жолымен, алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы межесіне жетті.
Сотталушы А. Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушілерге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасаған.
Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырғаны;
Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтіргені сотбарысында өз дәлелін тапты.
Сот, А.-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайып, талап арыздар қанағаттандырылды.
А.-нің жасөспірім балаларына қамқоршы мен қорғаншы тағайындау мәселесін шешу, соттың қосымша шығарылған қаулысымен, тұрғылықты мекенжайы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жұмысын дамыту бөліміне жүктелу тапсырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *