Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігінің, 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен (көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу) бойынша айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралып үкім оқылды. Бұл туралы «Асарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2024-жылдың маусым айының 29-шы күні, М. Шымкент қаласында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болып, өзара бас араздық салдарынан 2010 ж.т. кәмелетке толмаған жәбірленуші А.-ның жүрек тұсы аймағына пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Содан М. жәбірленушінің мойын тұсына екінші рет пышақ ұрмақшы болғанда, жанында болған адамдардың кедергі келтіруіне байланысты, сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмаған.
Сот М.-ды ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы