Жария сот отырысында ер адам психотроптық заттармен заңсыз айналысқаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2024 жылдың сәуірінде Т. әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен сөз байласып, Көкшетау қаласында жасырын орындарда бетбелгілер қалдырып, мефедронды заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқан.
Т. ұсталынып, оның пәтерін тінту барысында өткізу мақсатында заңсыз сатып алған және сақтаған 68 дана түйреп оралынған мефедрон табылды, сондай-ақ психотроптық заттар қала бойынша жасырын орындардан да табылды.
Осылайша, Т. психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі көлемде, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, бір топ адамдармен заңсыз сатып алуды, сақтауды жасады- деп ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен айыпталған.
Сот үкімімен Т.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Заңнаманы және қылмыстық жазаланатын әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ психотроптық заттармен және есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеуге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, үкімді жария ету Көкшетау қаласындағы университет және колледж студенттерінің қатысуымен жария сот процесі ретінде жүргізілді.
Ақмола облысының ҚІЖМАС