Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат Т. қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру), 287-бабының 3-бөлігімен (қаруды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша және азамат Г. ҚР ҚК-нің 434-бабы (жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шығыс Қазақстан облысы сотына сілтеме жасап.

2024 жылдың 13 қаңтарында Өскемен қаласында белгілі спортшы Э.Юнусметов келесі мән-жайларда өлтірілген. Э.Юнусметовты бұрыннан танитын азамат Т.-да оны өлтіруге бағытталған қылмыстық ойы туындап, ол қысқартылған тегіс ұңғылы моделі «ТОЗ-63» атыс қаруын өзімен алып, танысы азамат Г.-ға соңғының автокөлігімен қаланың орталығына жеткізуін сұраған. Азамат Г. оның қылмыстық пиғылын білмей, оны өз автокөлігімен қаланың ортасына жеткізген. Жол жөнекей Т. телефон арқылы Э.Юнусметовқа хабарласып, Пушкин атындағы кітапхананың маңында кездесуге келіскен. Сол маңайдағы көппәтерлі үйлердің ауласына автокөлікпен келіп тоқтап, Э.Юнусметовқа күтіп отырғанын хабарлаған. Өз кезегінде Э.Юнусметов сол жерге жаяу жақындаған кезінде, Т. автокөліктен шығып, Э.Юнусметовқа қолындағы қысқартылған мылтығымен екі рет атқан. Нәтижесінде алған дене жарақаттарының салдарынан Э.Юнусметов сол жерде қаза тапқан. Ал автокөліктің ішінде отырған Г. атыс қаруының дауысын естіп, болған қылмысты көргеннен кейін, жасалған қылмыс туралы хабарлауға жеткілікті уақыты әрі мүмкіндігі бола тұра, оны жасамай, керісінше азамат Т. автокөлікке қайтадан келіп отырғаннан кейін, сол жерден ізін суытқан.

Соттың шешімі: ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген. ҚК-нің 434 бабының санкциясында әртүрлі балама жазалармен қатар 6 алты жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.
Азамат Т.-ның қылмыстық жауаптылығымен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған қылмысы үшін шын ниетпен өкінгендігі, асырауында бір жас баласының бар екендігі, ал жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты алкоголден масаң күйде жасағаны танылды.
Азамат Г.-ның қылмыстық жауаптылығымен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас баласының бар екендігі танылды.
Сот үкімімен азамат Т.-ға жасаған қылмыстары үшін ҚК-нің 58, 60 баптарын қолдана отырып, түпкілікті 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, азамат Г.-ға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі апелляциялық тәртіпте сотталғандардың қорғаушысының және сотталған Т.-ның жазаның мерзімін азайту туралы апелляциялық шағымдары бойынша, сондай-ақ жәбірленуші тараптың жазаны қатаңдату туралы уәждері жазылған апелляциялық шағымдары бойынша қаралды.
Апелляциялық сатыдағы сот азамат Т.-ның жасаған қылмысының сипатын және оның жеке басын, нақты айтқанда бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғанын, жазаны ауырлататын мән-жайдың бар екендігін ескере отырып, ҚК-нің 58,60 баптарын қолданып, түпкілікті бас бостандығын айыру жазасын 16 жылға белгіледі, ал азамат Г.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сотталған Т.-дан қайтыс болған азаматтың зайыбының пайдасына 1 958 440 теңге материалдық шығынның және 8 000 000 моральдық зиянның өтемақысы, ал анасының пайдасына 8 000 000 теңге моральдық зиянның өтемақысы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Шығыс Қазақстан облысы