ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы Нұрлан Әділханұлы дүние салды. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан мәлімдеді.
Ардақты Ағайын!
Сіздерге жанға мол қиналыс әкелген қаралы хабарды жеткізгелі отырмын.
Әріптесіміз, еліміздің СІМ жүйесінде еселі де еңселі еңбек еткен, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы Нұрлан Әділханұлы бақилыққа аттанды.
Осынау елім дегенде егіліп тұратын, қайырымы мол жасампаз жанның қазасы абыз Абайдың «Мұндай да ажал көрдің бе, Тонаудан бір күн тынбаған!» — жыр жолдарын өксік көңіліме әкеле берді…
Көзден кетсе де көңілден кетпес ардақты азаматтың қазасына қайғырып, отбасына, туған-тумаларына көңіл айтамын. Нұрлан Әділханұлының жаны Жәннәттан орын алғай.- деп жазба қалдырды ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан
Астана қаласы