ДАУЫСЫН ЕСТИІНШІ, ӨТІНІШ СІЗДЕН?- деген Нуриев Нышанбайдың баласы әкесін іздейді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
16- тамыз күні, көрші Қырғызыстан мемлекетінен ер азамат бізге  хабарласып көмек сұрады. Оның айтуынша, Талдықорған жақта әкесі біреудің малын бағып жүріп 2000- жылдан бері хабар-ошарсыз кеткен. “Фазенда егесін танимын, әскери бөлімде жұмыс жасайтын адамдар”, «әкеммен соңғы рет Талдықорғанға жетпей Сарыөзек деген жерде орналасқан «Айгүл» шаруа қожалығында  жұмыс жасаған кезінде тілдескенмін»- дейді.
Әкесін іздеуге көшкен баласының денсаулығы нашар, жүрегінде сырқаты бар, біраз денсаулығы мен алысып енді ес жиған жігіт көрінеді. Өздерінің іздеуінен нәтиже болмағанба, “сіздердің көмегіңізге мұқтажбын, бізге көмек беріңіз”- деп, үміттеніп отыр.
“Егер тапсаңыздар, ең болмағанда дауысын жіберіңізші, дауысын естиінші, өтініш сізден”-деп күрсінді. Арадан 24 жыл өткен соң 1961жылғы қырғызыстандық Нуриев Нышанбай есімді азамат аман табылсын деген ниетпен міне іздеуге кірісіп, құзырлы органдармен министрліктерге хабарлаған болатынбыз.

Сіздің өтінішіңіздегі мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне жатпайтынын хабарлаймыз. Осыған байланысты тиісті ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне хабарласуды ұсынамыз- деп қысқа қайырды ҚР Сыртқы істер министрлігі

ҚР Ішкі істер  министрлігі Жетісу облысы полиция департаменті іздеп, біздің жіберген дәлелді құжаттарымыз негізінде, «Айгүл» шаруа қожалығын тауып төмендегідей жауап қатыпты:

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 14.07.2024 жылғы жедел-іздестіру қызметі туралы  бұйрығының 9-тарау,106 тармағының нұсқауларына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамдарды іздестіру туралы шетелдіктердің өтініштері қабылданбайды. Мұндай жағдайларда Сыртқы істер министрлігі арқылы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша құқық қорғау органдарына өтініш білдіру ұсынылатынын хабарлаймыз.                   

         Бірақ, Сіздің өтінішіңізді ескере отырып, іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Айгул» шаруа қожалығының иесі табылды (Ұялы телефоны: +7 77* *** ** **). Сұрау барысында Нышанбай есімді кісі 2005 жылға дейін жұмыс істеп, сол жылы кетіп қалғанын және қазіргі кезде қайда екенін білмейтінін жеткізді- деп жауап қатты Жетіс облысы полиция департаменті бастығының орынбасары М. Омаров

Доп секілді теуіп, министрлікпен департамент бір-бірлеріне пас берді ме әйтеуір нәтижесі жоқ жауаппен тақырыпты жаба салды. Енді біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, аталған азаматты тауып, Қазақстандағы  Қырғызыстан Республикасы елшілігі мен бірге жұмыс жасауға бел буды.

Егер суреттегі 1961 жылы туған қырғызыстандық  НУРИЕВ НЫШАНБАЙ ағамызды көрген болсаңыздан біздің агенттігімізге немесе 8747 353 45 45 номеріне немесе WhatsApp байланысы арықы хабар берулеріңізді сұранамын

Сардар Әбдіжақия
Жалғасы бар

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *