Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы Б.-ның жауапкер С.-ға ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюымен азаматтық іс қарады. Бұл туралы Ұлытау облысы соты жариялады
Талап қоюшы Б. жауапкер С.-ны кәмелетке толмаған балаларға қатысты ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюымен жүгініп, жауапкер өзіне қатысты аса ауыр қылмыс жасағанын, сот үкімі бойынша оны өлтіруге оқталғаны үшін сотталғанын көрсеткен.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 75-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.
Жауапкер өз жұбайының және балаларының анасының денсаулығына қатысты аса ауыр қылмыс жасаған, бұл соттың айыптау үкімімен расталады, осыған байланысты сот заң талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкесін ата-ана құқықтарынан айыруға шешім қабылдады.
Кәмелетке толмағандар анасының тәрбиесіне қалдырылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *