Аудан әкімдігі қызметкері алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Ақмола облысында өткен жария сот отырысын жариялады.
Сотта қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауға оқталғаны үшін аудан әкімі аппаратының қызметкері Б.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы мен сараланған қылмыстық істі қаралып үкім оқылды.
Сотта белгілі болғандай, Б. шаруа қожалығының басқарушысы А.-дан залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап бермеу үшін 2 млн. теңге сомасында ақшалай сыйақы талап еткен.Сотта ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Б.-нің сотқа талап қоюға құқығы болмағаны анықтады. Бұдан басқа, бұрын сот шешімімен залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны Б.-ға белгілі болған. Осылайша, Б., өзінің қызмет бабын пайдаланып, А.-ны адастырды деп танылды. Ол 1 млн. теңге алу кезінде ұсталған.
Сот Б. кінәлі деп тауып оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, ұрланған мүліктің 7,5 есе мөлшерінде (15 млн,тенге) айыппұл тағайындады.
Заңнама мен қылмыстық-жазалау әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында судья Абдраимов Фархат үкімді жария ету ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдігі аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өткізді.

Бұл жария сот отырысы, әкімдікте және мемлекеттік қызметте жүрген адамдардың барлығына, сот барысында қылмыстық құқық бұзушылықпен сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік қатаң екенін және адамдардың алаяқтықпен жемқорлыққа бармасын деген ниетпен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасалған сот отырсы деп түсіндік.
Судья Фархат Абдраимовтың өткізген сот отырысы ерекше әрі ашық түрде болып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға жаза тағайындау барысында өзгелерге ескерту айтқандай жариялы түрде істің нүктесін қойды. Қара қылды қақ жаратын судьяларымыз аман болсын деп тілейміз.
Сардар Әбдіжақия «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Ақмола облысы Біржан сал ауданы