Жоғары оқу орнының «Болашақ» заңгерлері тонау жасағаны және тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзғаны үшін сотталды деп жариялады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы,   2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында,  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, күш қолдану қатерімен тонау жасағаны, сондай-ақ күш қолдану арқылы адамдар тобында тұрғынның еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіргені үшін ҚР ҚК-нің  191-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары),    ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігімен сараланып,  айыпталып жатқан  студенттер Т. және У.есімді азаматтарға қатысты қылмыстық істі  қарап сот актісін қабылдады.
06.02.2024 жылдан 07.02.2024 жылға қараған түні сотталушы Т.-ның досы соңғыға жәбірленуші А. телефон арқылы оған пәтерге келуді ұсынғанын айтқан. Т. бұл туралы білгеннен кейін, сотталушы У.-мен бірге жәбірленушілерге барып, үйдің ауласында А.-ға дене жарақатын келтірген. Содан кейін Т. және У. адамдар тобында жәбірленушінің өміріне қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, алдын ала сөз байласа отырып, аталған үйдің кіреберісінде А.-дан ақша талап ете бастаған. Жәбірленуші А. өз өмірі үшін қорқып, сотталушы У.-дың шотына 55 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударған.
 Олардың әрекеттері нәтижесінде жәбірленуші А.-ға 55 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
 Сотталушылар мұнымен тоқтап қалмай, жәбірленуші К.-ның пәтерін біліп, тұрғын үйге заңсыз басып кіру мақсатында кәмелетке толмаған куәгер А.-ны есікті қағып, оған есікті ашуға мәжбүрлеген, ал соңғысы оған келісіп, есікті қаққан. Өз кезегінде жәбірленуші К. ештеңені білмей есікті ашып, сотталушылар күш қолдану арқылы түнгі уақытта жәбірленушінің пәтеріне заңсыз басып кірген.
 Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде Т. және У. жәбірленуші К.-ға дене жарақатын келтірген.
 Сот үкімімен сотталушылар Т. және У. ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары мен 149-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жасалған қылмыстардың мән-жайлары мен олардың ауырлығын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот сотталушыларға қылмыстардың жиынтығы бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 Астана қаласы
сурет шартты

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *