«Ветеринариялық қызметі» басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұлтуралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы Бегманов Бахытжан Турсинханович лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланған көрінеді.

Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Б. Бегмановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Мемлекеттік айыптаушы прокурор, Басшы Б. Бегмановты  лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланды деп, ҚР ҚК-нің 361- бабы 4- бөлігінің 3 тармағымен саралап, қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Соттың қаулысы негізінде басшы Б. Бегманов айыптау актісі мен танысқан және ағымдағы жылдың 17 қазан күні алдын-ала тыңдау сот отырысы өткен. Ендігі сот отырысы 23 қазан сағат 10:00 ге қалдырылған.

Егер соталушы Бегманов және оның адвокаты судьяға сеніміздік білдіріп ауыстырмаса, бұл қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратып беретін Түркістан қалалық сотының судьясы Ж.Б.Акынов  бірінші сатыдағы сот отырысының нүктесін қоймақ. Егер  Б. Бегмановтың айыбы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы

(жалғасы бар)

сурет шартты

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *