Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Нұрпейісовке қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сот үкімімен Нұрпейісов ҚР ҚК 297 бабының 3- бөлігі 3- тармағаымен, психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі зерттей келе, іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны;
Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлер З.-ның бұрынғы әріптестері болып табылатыны;
«Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 4 нормативтік қаулысының 20-тармағына сәйкес, іске мүдделі адамдардың куәгерлер ретінде қатысуы (құқық қорғау органдары офицерлер, олардың тағылымдамашылары, құқық қорғау органдарында тағылымдамадан өтіп жатқан студенттер, сондай-ақ бұрын екі немесе одан да көп қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде қатысқан адамдар («кезекші куәлгерлер”) қылмыстық қудалау органдарына тәуелді адамдар: жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалаудағылар және т.б.) тергеу әрекетінің хаттамасын дәлелдеме ретінде жол беруге болмайды деп тану үшін негіз болады- деп шешті.
Жақындаған кезде күдіктінің қолынан ұстап тұрғанын айтқан екінші куәгердің берген жауабы бағаланбай, кейін оны тінтуге кіріскен. Басқа да заң бұзушылықтар анықталды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.
Астана қаласы