Күйеуінің кеудесіне пышақ сұғып өлтіргнен. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жанжал барысында азаматтық некедегі күйеуін өлтірген азаматша бойынша, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған азаматша С.-ға қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында талқыланып сот актісі қабылданды.
 С. 2024 жылғы 5 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласы, Таскен шағын ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі жолдасы – жәбірленуші Р.-мен спирттік ішімдік ішу барысында араларында жеке бас араздықтың салдарынан жанжал туындаған. Содан сотталушы асхана пышағымен жәбірленушінің кеуде торына бір рет соққы берген. Нәтижесінде жәбірленуші алған ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.
Сот, азаматша С.-ны ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *