Университетінің 3-курс студенті Алмас адам өмірінаман алып қалған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шығыс Қазақстан облысының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен У. есімді азамат ҚР ҚК-нің 99-бабы 1- бөлігі 24- бабы 3- бөлігімен(адам өлтіруге оқталу) көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жоғарыда аталған баппен қаралған қылмыстық істі сотпен қарау барысында, У. есімді азамат бұрынғы азаматтық некедегі жарының жұмыс орнына барып, жиналмалы пышақпен оған соққы жасағаны анықталған.
Жәбірленушінің көмекке шақырған даусын естіген Қазақстан-Американдық еркін университетінің 3-курс студенті Алмас қылмыс орын алған жерге бірден жүгіріп келіп, ашуланып тұрған қылмыскердің қолынан пышақты көндіру арқылы алып алған.  Алмас аз.У-дың қылмыс орнынан қашып кетпеуі үшін, полиция қызметкерлері келгенше оның қасында болған.
Алмастың азаматтық парызын орындаудағы батылдығының, ерлігі мен жоғары саналығының арқасында жәбірленушінің өлімінің алды алынды.
Істі қарау нәтижесінде судьямен жеке қаулы шығарылып, Қазақстан-Американдық еркін университетінің басшылығына және Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаменті басшылығының назарына Алмаспен азаматтық парызын орындаудағы жоғары саналығы мен қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алудағы көрсетілген көмегі жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *