Талғат Қатауов  қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады  қоғам белсендісі Құрал Сейтханұлының фейсбук парақшасында жарияланған  жарияланымға сілтеме жасап.
Осыдан екі күн бұрын Талғат Қатауов ұсталып қамауға алынған. Енді бүгін сот оны Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасымен екі айға қамауға алу жайында шешім шығарды. Сот дұрыс шешім қабылдады. Әйтпесе мына аурудан бір қыз оңбастай болып зардап шегуі әбден мүмкін еді.
Қараңыз! Талғат Қатауов Түркістанда жүрген кезде Айгүл Сыздықоваға мүшесінің суретін жіберген. Одан бөлек Зәкір Сыздықовтың қызына, Мұхтар Сыздықовтың қызына, тіпті бұлардың ең кішкентай інісі Әбубәкір Сыздықовтың да кішкентай қызына тиіскен. Мұхтар Сыздықовтың үйінде жоқ екенін біліп, үйде жалғыз қалған Мұхтардың 14-жасар қызына келген. Бірақ қыз есікіті ашпай қойған. Егер байқамай есікті ашып жібергенде не болар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты. Кейін Мұхтар Сыздықовтың бөле қарындасы жуынуға душқа кірген кезде, мына Талғат Қотауов деген нақұрыс қыздың артынан кіріп, ол қызға да тиіскен. Мұхтар Сыздықовтың ең кішкентай қарындасының қызына да тиіскен. Жалпы осы Сыздықовтар әулетіндегі кәмелетке толмаған барлық қыздарға тиіскен ғой мына ауру. Соңында қыздар дәретханаға немесе ваннаға шомылуға баратын кезде бәрі бірге баратын болған ғой. Себебі мына ауру артымыздан кіре ме деп қорыққан. Кішкентай қыздар бұл жайында ата-аналарына айтқан. Бірақ Мұхтар Сыздықовтан бастап бәрі қыздардың сөздеріне сенбеген. Себебі Талғат Қатауовтан бұндай азғындық шығады дегенге мүлдем сенбеген. Кейін барып Талғат Қатауовтың шынайы бет-бейнесінің қандай екеніне көздері жеткен соң барып қыздарын қорғауға кіріскен. Мына ауру кішкентай қыздардың вацаптарына шығып шеттерінен кездесуге шақырған. Егер менімен кездессең ақша беріп тұрамын деген.
Кішкентай мүгедек қыздың киімін ауыстырып жатқанын есіктен сығалап, еркектік мүшесін қолымен уқалап тұру үшін адам қандай деңгейдегі ауру болуы керек? Оның дәл осы қылығын алғаш болып Зәкір Сыздықовтың үлкен баласы байқап қалған. Ең соңында Мұхтардың 14-жасар қызын құшақтап алып, ұятсыз жерлеріне қол жүгіртіп жатқан кезде қолға түсіп Мұхтар Сыздықовтан таяқ жеп өліп қала жаздаған. Бұндай азғын мейлінше ұзақ уақыт қамауда отыруы тиіс.
Осы істе бізге көмек қолын созған балалар құқығын қорғаушы омбудсмен  Динара Закиеваға алғыс білдіреміз.
Одан бөлек Түркістан қаласы полиция басқармасына және Салтанат деген тергеуші қызға міндеттерін дұрыс орындағаны үшін алғыс білдіреміз. -Құрал Сейтханұлы
Айта кету керек,  өзін құқық қорғаушы, кәсіподақ төрағасы деп жарнамалап жүрген Қатауов Талғат Тұрсынғалыұлы туралы әлеуметтік желілерде көптеген жағымсыз ақпараттар таралған болатын. Бүгінгі таңда Талғат Қатауов, Түркістан қалалық сотында, ҚР ҚК-нің 131- бабы 1- бөлігі мен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Аталған қылмыстық істі қарап жатқан судья Байжігіт Ұ.Д. , Талғат Қатауовқа  қатысты іс бойынша сот-психологиялық- филологиялық сараптамасын тағайындады.
Түркістан облысы
жалғасы бар

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *