Қазынашылық департаментіне «жасанды» құжат өткізілген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ағымдағы жылдың 11- қыркүйек күні «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі » Қаңтар оқиғасын атап жалған мәлімет тарату кімге керек болды? « атты мақала жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы, мемлекеттік қызметкер Рахимбаева Зағила Тасболатовна, заңгер (блогер) Айгуль Орынбекпен ағымдағы жылдың 16- тамызда екеуінің арасында «ЖҮЙЕ» бағдарламасы арқылы сұхбат жүргізіліп, қазынашылық депратаментінің басшысы болған Шукеева Ляззат Естаевнаның және аталған департаментте орын алып жатқан бір қаншама заңсыздықтар туралы айтылған. Жүргізілген сұхбатта, қаңтар оқиғасына деп, 36 млрд. теңге қаражат аударылғаны туралы ақпарат айтылып елдің жағасын ұстатқан болатын. Біздің агенттіктің ақпараттарды зерттеу нәтижесінде айтылымдағы ақпарат жалған болып шыққан еді.
Жоғарыда жазылған ақпараттарға байланысты қазіргі таңда сот отырысы болып жатыр.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде, К. Шарафиева басшылығында да даулар тоқтар емес.
Қазынашылық департаментінің бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы, өзінің заңгер (блогер) Айгуль Орынбекпен ағымдағы жылдың 16- тамызда екеуінің арасында «ЖҮЙЕ» бағдарламасына жүргізілген сұхбатында, бұрынғы басшы Ляззат Естайқызының басшылығы кезінде, департаментте З. Рахимбаеваны құдалап жатқаны айтылған болатын. Енді департамент басшылығына К. Шарафиева келіп, бұрынғы басшы орнынан кетсе де, Түркістан облысының қазынашылық департаментінде шыққан шу тоқтар емес, ушыға түспесе…
Себебі, Түлкібас аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқықындағы мемлекеттік құқығындағы кәсіпорынның басшысы Ж. Е. Тогайбекова, «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкері Рахимбаева Зағила Тасболатовнаға 2024 жылдың 1- тамыз айынан бастап, 1- қазан айының аралығында 2023-2024 жылы ішінде медициналық көмекке жүгінбегені және еңбекке жарамсыздық парағы ашылмаған«— деп ресми мәлімет беріп отыр. Бұл «жасанды» құжат бойынша «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі тарапынан, Түркістан қалалық полиция басқармасына аталған ақпарат жеткізілді. Енді мемлекеттік мекемеге, мемлекеттік қызметкер Зағила Рахимбаеваның өткізген «жасанды» еңбекке жарамсыздық парағы бойынша құзырлы органдар құқықтық баға беретін болады. Тексеру басталып кетті.
Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысы
сурет ашық дереккөздерден жүктелді. (жалғасы бар)