Үш айлық баланы тұншықтырмағанын айтып жаға ұстатты.  Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Ағымдағы жылдың 2 тамыз күні, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгул Орынбектің фейсбук парақшасында «Неге жалғыз менің жүрегі ауру керек?»  атты жазба жазылып, аталған ақпаратта кішкентай баланың бейнежазбасы жарияланады. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/watch/?v=1155348779027591&rdid=EdulyrlWUJRkLJTD

Аталған ақпаратқа қатысты  А. Орынбек, «Ана мен баланың видеосы интернетке салынған соң, тергеушілер түнгі екі де ауруханаға келіп тұр!»-деп тағыда ақпарат жариялап, ҚР ІІМ-і Ержан Саденовқа үндеу жазба қалдырады. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/100007981087790/posts/3803634373245895/?rdid=66vZisRUhDMqY8q4#

Кезектегі ақпарат 5- тамыз күні,  «Ұятсыздар! Мені “жалған ақпарат берді” демекшіңдер ме?» атты ақпарат жарияланып, бейнежазбада үш жастағы сәбидің анасы Нұртай Лейлоның бетіндегі дене жарақаты мен бейнеленген видео жарық көрген. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/watch/?v=902361375274692&rdid=RVNslm18Y0LHIiTk   Аталған ақпараттардан соң әлеуметтік желілерде қоғамның ашуын туғызған сынды пікірлер жазылып халық арасында резонансқа айнала бастайды.

Кейіннен  «KӨREMIZ» де күллі елді шулатқан ақпараттар 18- ақпан күні таралып,  қоғамда резонанс болған бұл жағдай,  бүгінгі таңда басқаша болып шықты.  Сілтемеден  толығырақ:

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша, үш жасар баланы ұрып, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру яғни, ҚР ҚК-нің  106 және 108- баптары мен айыпталған,  жәбірленуші Нұртай Лейлоның күйеуі Бауыржанға қатысты қылмыстық іс, Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Болат Қарабаевтың өндірісінде қаралуда.

Аталған ашық сот отырысында, жәбірленуші Н. Лейло, өзінің күйеуі баласын ұрмағанын, оны біреулердің және де «KӨREMIZ» бағдарламасындағы заңгердің айтуынша арызданғанын сотта көрсетті. Тіпті «KӨREMIZ»  бағдарламасында пәтерге дейін алып береміз деп сендіргендер бүгінгі таңда алдап кеткен көрінеді. Себебі Н. Лейло, «ADIL фонд» қайырымдылық қорын құзырлы органдар тексеруін сұрады.

Ол өз сөзінде, күйеуінің баланы ұрмағанын, ол тек мені қызғанышпен ұрды, менің күйеуімді шартты түрде болса да босатыңыздар, отбасыда ондай болып тұрадығой,  мені кешіріңіздер- деп журналистерге сұхбат берді. Сілтемеден толығырақ:

Бүгін судья Б. Қарабаев,  екі тарапты тыңдап  сот ісін аяқтап, сотталушыға соңғы сөз берді.  Үкім 12 желтоқсан сағат 10:00 де жарияланады.

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

(жалғасы бар)

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *