Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша прокуратура мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы облысының прокуратурасы Ш. Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз.
Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз- делінген
Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз.
Алматы облысының прокуратурасы