Оқиға орнына Қазақстан ТЖМ басшысы келді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-гі хабарлады.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ресми деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы. Экипаж мүшелерінің барлығы Әзірбайжан азаматтары.

Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 2 адамның азаматтығы анықталуда.

Жедел желі телефондарына 571 өтініш түсті.

Оқиға орнында 482 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде ақпарат алмасуда.

 

Іздеу жұмыстарына кинологиялық есептоптар жұмылдырылған. Құтқарушылар арнайы жабдықты пайдалана отырып, тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн.

Ақтауға Әзірбайжаннан құтқарушылар келді.

Осы минуттарда жедел желі телефондарына барлығы 629 қоңырау түсті.

Маңғыстау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *