Миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызсметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы Н. Т. есімді тұрғынын ұстаған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, «тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен»— деп, аталған азамат күдікке ілінген.

«Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк кәртішкесі мен журналистің қызметтік куәлігі табылды. Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.»- делінген ресми мәлімдемеде.

Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұл туралы қоғам белсендісі, журналист Амангелді Батырбеков 25- желтоқсан күні, өзінің әлеуметтік парақшасында;
Күні кеше, 24-ші желтоқсан күні түстен кейін сағат 17.00 шамасында блогер Нұрсұлтан Тошаевтың сол кәсіпкерден 1 миллион теңге ақшаны бопсалап алып болып, кетіп бара жатқан жерінде УБОП қызметкерлері ұстап әкетті. Оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының бар я жоқтығын анықтау енді полицияның құзырында- деп ақпарат жариялаған болатын.

суреттер ашық дереккөздерден жүктелді
Түркістан облысы