Іс судьяның ұсынысы негізінде партисипативтік рәсімі мен аяқталды. . Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жалпы партисипативтік рәсім (келісім) дегеніміз не?
Партисипативтік рәсім-дауларды реттеудің баламалы әдісі болып табылады.
Егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, жария-құқықтық дауларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын азаматтық-құқықтық даулар партисипативтік рәсімнің қолданылуға мүмкімдік беретін рәсім екенін білген абзал.
Өз құқықтарыңызды білгеніңіз абзал.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен судьяның қатысуынсыз өткізіледі және тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы. Істі қарайтын Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және келісімді орындау тәртібі бітімгершілік келісімді орындау қағидаларымен реттелетінін түсіндіреді.​
Жаңақорған аудандық сотында қарыз ақша өндіру дауы туралы азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізу арқылы, яғни партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Іс құжаттарына сәйкес іс бойынша талап қоюшы С. жауапкер И.-денқарыз ақша өндіру туралыталап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот отырысында тараптардың адвокаттары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Сотта дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріліп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтіні және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығы анықталды.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітілді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылды.
Дауласқанша татуласқан артық екенін ескерген жөн. Жалпы соттасса да, соттаспаса да, аталған дау өз шешімін табады.  Татуласумен аяқталған келісім,  адамдардың бір-біріне деген ренішті азайтады- Сардар Әбдіжақия
Қызылорда облысы
Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *