Дубай шоколадын алдап сатқан «данышпан» сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады деп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) сараланған қылмыстық құқықбұзушлық жасағаны үшін А.-ға қатысты сот үкім оқыды.
А. Дубай шоколадын сату сылтауымен жәбірленушілерді адастырып, бірнеше рет олардың ақша қаражаттарын иемденіп, 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңгеге ақша қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен А., ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы