Ер азамат туған анасын пышақпен өлтірген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
 Жамбыл облыстық сотымен апелляциялық тәртіпте адам өлтіру бойынша айыпталған, ҚР ҚК-нің 99- бабы 1- бөлігі мен сараланған  қылмыстық іс қаралды.
 2024 жылдың қыркүйегінде, мас күйінде болған сотталушы, жанжал нәтижесінде, ас үй пышағымен қаруланып, сотталушының анасы болып табылатын жәбірленушінің кеуде аймағына қасақана мақсатты соққы жасады, нәтижесінде ол сол жерде қайтыс болды.
 Бірінші сатыдағы сотта, айыпталу кінәні ішінара мойындауы мен жасаған ісіне өкінуін және соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын-мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауы болып табылған. 
 Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша «К.» кінәлі деп танылып, оған 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
 Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды және негізді деп, ал К.-нің кінәсі дәлелденген деп таныды.
 Апелляциялық шағым қанағаттандырусыз, үкім өзгеріссіз қалдырылды.
 Қаулы заңды күшіне енді.
Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *