Департамент басшысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.  Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Өскемен қаласының №2 соты А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі мен сараланған   лауазымды тұлғаның қомақты мөлшерде пара алуы, Ж.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігі мен пара алуға делдалдық жасау, Д.ға қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігі, лауазымды тұлғаға пара беру туралы қылмыстық іске үкім жариялады.
Сотта анықталғаны, кәсіпкер Д.-да пайдалы қазбаларды барлауға лицензиясы бар, алайда барлау жүргізуге экологиялық рұқсат қағазы жоқ болды. Осы сұрақты шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы А.-ны танитын өзінің танысы Ж.-ға жүгінді.
 А. 5 000 000 теңге сомасында сыйақы үшін экологиялық рұқсат алуға көмек беруге келісті. Кәсіпкер Д. 11.09.2023 жылдан 25.10.2023 жылға дейінгі аралықта Ж.-ның шотына 5 000 000 теңгені  А.-ға беру үшін аударған, кейін Ж. қаражатты А-ға табыстаған.
Кінәлары А.-мен ақшалай сыйақыға мәселені оң шешу туралы төлеу туралы келісім болғанын растаған Ж.-ның айғақтары мен, іс фигуранттарының ақшалай қаражатты беру мен алу туралы сөйлесулердің жазбасымен, заттай айғақтармен расталдыған.
Сот сотталушыларды тағылған айыптары бойынша кінәлі деп танып, А. және  Д.-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, Ж.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталған А. мен Д. өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *