Білім бөлімінің экс-басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сауран ауданы білім бөлімі басшысы болған, Сауран ауданының №4 жалпы орта мектебінің директоры болып жұмыс атқарып жүрген Акмарал Усеновна Батырбекова, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы мен сараланған қылмыстық бұзушылықты жасады деген айыппен сотқа берілген. Аталған кодекстегі айыппен қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін жасады деген айыппен, Сауран ауданы «Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Талгат Абылкасымович Шегенбаевқа да мемлекеттік айып тағылған.
Акмарал Усеновна Батырбекова және Талгат Абылкасымович Шегенбаевқа «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.
А.У.Батырбекова мен Т.А.Шегенбаев мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, өздерінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, Бөлімнің бас есепшісінің міндетін атқарушы Б.Ғ.Ж. -мен және Бөлімнің есепшісі А.С.П. пен алдын ала сөз байласуы арқылы өздеріне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу, яғни жымқыру мақсатында, білім беру мекемелерінде нақты жұмыс істемейтін өзінің сенімді таныстарының есеп айырысу шоттарына ақша қаражатын аударып иемдену жөніндегі қылмыстық жоспарды алдын ала ойластырған.
2022 жылдың тамыз айында А.У.Батырбекова, Б.Ғ.Ж. және А.С.П өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыру мақсатында, бюджет өтінімінің 111-еңбекақы төлеу ерекшелігі бойынша Бөлім есепшісінің тарапынан айлық жалақы ретінде жасақталатын 4 бухгалтерлік электрондық тізімге (1С) мектеп қызметкерінің аты-жөнін көрінеу жалған көрсетіп, төлем жасау үшін толтырылатын К2 Қазынашылық клиент бағдарламасының 5-15-А нысанындағы айлық жалақы аудару жөніндегі құжатына мектептерде жұмыс жасамаған немесе мектеп қызметкері болып табылмайтын таныстарын және олардың банктік реквизиттерін, жеке сәйкестендіру нөмірлерін, 20 таңбалы банк есеп-шоты нөмірлерін толтырып, өздерінің қылмыстық ойларынан бейхабар болған Б.Ғ.Ж. нің танысы Н.Б.К-ның , А.С.П. тің танысы А.С.А. ның банктік есеп шотына А.У.Батырбекованың айтуы бойынша оның ЭЦҚ жабық кілтін Б.Ғ.Ж. қойып, жалпы 79 091 теңге ақша қаражатын аударып, ақшаны банк шотына түсу кезеңінде иемденіп, өзара үлестерін бөлісіп алған.
Осындай әрекеттері мен бір қаншама қаражатты жымқырғандары үшін судья Ж.Д.Қосалбаев, Сауран ауданы білім бөлімінің экс- басшысы Акмарал Усеновна Батырбекова ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын 13 реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Ал Сауран ауданы білім бөлімінің бас маманы Талгат Абылкасымович Шегенбаевқа, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзінөзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Акмарал Усеновна Батырбекова және Талгат Абылкасымович Шегенбаевқа қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» өзгертіліп, «үкім заңды күшіне енгенге дейін «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынсын»- деді судья Ж.Д.Қосалбаев
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Түркістан облысы