Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында 2024 жылғы 17 желтоқсанда Енбекшіқазақ ауданының №2 аудандық пробация қызметінің ұсынысы бойынша сотталған К. пробация бақылаудың шарттарын бұзған үшін бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсынысын қарау бойынша жария сот отырысы өткізілді.
Алматы облысы Талғар аудандық сотының 2023 жылғы 23 қаңтардағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  191-бабының 2-бөлігі 1,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Сот үкімімен К. пробациялық бақылау белгіленіп, қалған 6 жыл 6 ай пробациялық бақылауға есепке алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сот анықтағаны,  тексеру жүргізу кезінде сотталған К. — ның үйде болмағанын, пробациялық бақылауға есепке алуға келмегенін, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа бірнеше рет тартылғанын анықтады ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі, 441-бабының 1-бөлігі, 434-2-бабының 2-бөлігі, 440-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жазалар қолданылған.
Сот отырысында Еңбекшіқазақ ауданының №2 пробация қызметінің өкілі ұсынысты қолдап, қанағаттандыруды сұрады.
Алматы облысы Талғар аудандық сотының 2023 жылғы 23 қаңтардағы үкімімен сотталған К. тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, яғни 1 жыл 5 ай 27 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға, жазасын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтіні белгіленді.
Сотталған К. дереу сот залынан қамауға алынды.
Мұндай жайттың алдын алу мақсатында сот отырысына, есепте тұрған бас бостандығынан шектеу жазасын өтеп жатқандар шақырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *