Бес баласынан айырылған ана, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
 Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында, ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сараланған қылмыстық іске қатысты сот үкім оқыды. .
 Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған.
 Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.
 Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.
Пешке от салуды тапсырған анаға сот,  5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚР ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *