«Атақты алаяқ»- деп адамды қорлағаны үшін Т. Қатауов сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2025 жылы 9 қаңтар күні Түркістан қаласы Түркістан облысы Түркістан қалалық соты құрамында төрағалық етуші судья Ұ.Д. Байжігіттің сот отырысында, сотталушы Т.Т.Катауовтың, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасады деп тағылған айыппен сот отырысы өтті.
Т. Қатауов, Түркістан қаласында орналасқан «Әділет үйі» ғимаратында, Түркістан қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының сот отырысында куә ретінде жауап берген Т.Т. Катауов сол әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша жәбірленуші болып танылған өзіне сенім білдіруші М.А. С.-ны бірнеше рет «атақты алаяқ» деп негізсіз абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсітіп, қорлағаны үшін Т.Т. Катауовты жауапқа тарту туралы сотқа шағым түсірілген.
Талгат Турсынгалиевич Катауов ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған, осы баппен 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 73 840 (жетпіс үш мың сегіз жүз қырық) теңге айыппұл салынсын-деп үкім оқылды.
Айта кету керек, ел арасында өзін белсенді етіп көрсетіп жүрген әлеуметтік желі қолданушысы Талғат Қатауов, ҚР ҚК-нің 124 бабының 1-бөлігімен, яғни (Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша 2 ай мерзімге қамауға алынғаны туралы ақпараттар жарияланған болатын
Сурет және қаулы көшірмесі, ашық дереккөздерден жүктелді
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Түркістан облысы