Құрметті Жұлдыз Сүлейменова, сіз ҚР Парламент отырысында да, жалпы жүріп-тұрғаныңызда да, еден жуушылар, көшенің қоқысын тазалайтын «төменгі» лауазымдық сатыдағы адамдардың еңбегі бағалансын, еңбекақылары көтерілсін деген мәселені көтеріп жүргеніңізді жақсы білеміз әрі өзіңізді құрметтейміз!

Алайда Шымкент қаласындағы мынау бейнежазбадағы ананың және сол анамен 20 шақты адамның еңбегі далада қалып жатқан жәйт жанымызға батып отыр.

Адамдар жаңа жылда балаларының қуанышы үшін жаңа жыл мерекесін жасады. Қыс ауасында ата-аналар балаларына ыстық қысқы киімдер алды, аяғынан су өтпесін деп перзенттерін киіндірді.

Үйсіз, пәтер жағалап жүргендер кредитін төлейалмай, не пәтерақысын төлей алмай жүрген бұл ата-аналар, 2024 жылдың қазан-қараша айларының еңбекақысын алмаған екен. Енді өздері атап отырған «Фараб құрылыс» компаниясында жұмыс жасаған адамдар, «енді соттан жеңілдік біз» деген жұмыс берушінің сөздері мен бала-шағаларын асырамайды ғой.

Адамның еңбегін пайдаланып, еңбек ақысын бермей қоя салуды қалай түсінеміз?

Жауынның астында суық күн демей таң атысы мен батысына дейін көшеде жүріп, каналдардағы қоқыстарды жинап, қаланың көркеюуіне үлес қосып жүрген адамдарды, көшеде жұмыссыз қалдыра салып, өлгеннің үстіне тепкендей етіп еңбекақысын бермей қоясалған жауаптыларды жауапқа тартып, адамдардың еңбекақыларын алып беріңіздер үйіне нан алып барсын!

Әділ Серікұлы

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *