Айқай салған жігіттің наркологиялық диспансерге жатқызылғаны белгілі болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Әлеуметтік желілерде, полицеймен ерегісіп тұрған бейтаныс жігіттің және жан дауысы мен айқайлаған дауысы бар бейнежазба таралды. Аталған бейнежазбада, полицейлер адамдарды азаптап жатқан секілді, адамдардың ашуын туғызатын көрініс желі қолданушыларының талқысына түсті.
Алайда аталған дерек 2024- жылдың қараша айында орын алғаны белгілі болды. Қызылорда облысы полиция департаментінің ресми мәліметінше, полиция қызметкерлері облыс орталығында орналасқан түнгі клубтан келіп түскен хабарламаға сәйкес оқиға орнынан екі мас халдегі азаматты алып, масаңдық дәрежесін анықтау мақсатында Уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізген болып шықты.
Аталған азамат бойынша медициналық куәландыру қорытындылары мен жинақталған материалдар бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік хаттама ресімделіп, наркологиялық диспансеріне сауықтыру үшін орналастырылған. Полиция қызметкерлерінің тарапынан заңға қайшы әрекеттер орын алмаған анықталды.
Қызылордаа облысы