Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті IV конференциясы өтті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгін, 24- қаңтар күні Шымкент қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қаласы филиалының кезекті V конференциясы өтті.
Іс-шараға партияның төрағасы Азаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және экология сарапшылар қатысып, конференция күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
Конференция барысында партияның төрағасы Азаматхан Амиртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасады. Баяндамада экологиялық мәселелерді шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша жоспарлар ұсынылды.
Конференцияның барысында, Шымкент қаласы филиалының жаңа төрағасы болып Ордабеков Алтай Еркебекұлының сайланды.
Сонымен қатар, филиалдың саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Конференцияға қатысушылар партияның алдағы жұмысына табыс тіледі және экологияны жақсарту жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.
Шымкент қаласы