Алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бейімбета Майлина аудандық сотында алимент өндіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін азамат Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі мен әкімшілік іс қаралып қаулы қабылданды.
Азамат Т., кәмелетке толмаған қызын асырау үшін одан тапқан табысының және өзге де кірісінің 1/4 бөлігінде алимент өндіру туралы сот шешімін (сот бұйрығын) орындаудан дәлелді себепсіз алимент төлеуден қасақана жалтарған.
Жеке сот орындаушысы Т.-ның алимент бойынша берешегі 3 400 000 теңгеден асатынын түсіндірді. Оның төлемі туралы ақпарат жоқ.
Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы