Мүмкінділігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі төтенше жағдайлар департаментінің басты назарында!  Бұл туралы “Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі жариялады.

Түркістан облысында мүмкінділігі шектеулі жандарға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызмеркерлері және Самғау оңалту орталығының кызметкерлерімен бірлесе отырып ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі, Ораңғай ауылында орналасқан «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі 1-2 топтағы мүмкінділігі шектеулі жандарға өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департамент тарапынан әзірленген бейнеролик көрсетіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *